Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Дәрігерден туберкулез жұқтырды»: бір жасар баланың әкесі дабыл қақты

Астанадағы №1 көпбейінді балалар ауруханасында ем алған бір жасар баланың ата-анасы бүлдіршінге туберкулез медициналық қызметкерден жұққан болуы мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әкесінің айтуынша, сәуір айында бала екіжақты ауыр пневмониямен ауруханаға түсіп, бір апта емделгеннен кейін үйіне шығарылған.

Кейін осы ауруханада жұмыс істейтін мейіргерден туберкулездің ашық түрі анықталған соң, байланыста болған балалар қайта тексерілген.

Тексеру барысында баланың өкпесінен өзгеріс анықталып, қосымша ем жүргізілген. Кейінгі сараптама нәтижесінде оған туберкулез диагнозы қойылған. Енді бүлдіршін анасымен бірге арнайы диспансерде ем қабылдайды.

Баланың ата-анасы бұл жағдайға байланысты заңгерлердің көмегіне жүгінетінін мәлімдеді.

Ал Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

Оның құрамына педиатр, фтизиатр, пульмонолог, сәулелік және функционалдық диагностика мамандары, сондай-ақ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері енгізілген.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button