
Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
22 шілде күні кешкі сағат 19:45 шамасында ғимараттың 3-қабатында төбе жабынының бір бөлігі опырылып түсті.
Оқиғадан кейін вокзал қызметкерлері зақымданған аумақты тексеріп, алдын ала себепті анықтады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, суағар құбырларының жалғанған жері зақымданып, соның салдарынан төбе жабыны құлаған.
Қазіргі уақытта апат болған аумақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар құбырларды қалпына келтіріп, кейін зақымданған бөлікті толық тазалап, қалпына келтіреді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланған жоқ.



