Алматы қаласында әлеуметтік желіні дүр сілкіндірген оқиға қоғамның ашуын туғызды.
Белгісіз жүргізуші итті көліктің артына байлап, жол бойымен серуендеткен сәті видеоға түсіп, желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиғаға қатысты Алматы қалалық полициясы ресми тексеріс бастағанын хабарлады.
Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр, жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға берілмек.
Құқық қорғау органдары азаматтарға жануарларға қатыгездік танытпауға және олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңызын ескертті.



