Әлеумет және қоғамЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Қаржы министрлігіне тиесілі «Проблемалық кредиттер қорының» экс-төрағасы ұсталды

Қаржы министрлігінің «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлады.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол жекеменшік иесіне қорға аударылуға тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен ақша қаражатын ұстап қалу құқығын заңсыз берген.

Осылайша мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келтірген.

Бұдан бөлек, ол мемлекеттік мүлікті төмендетілген құнмен сатқан, осының салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалған.

«Сондай-ақ құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер учаскелерін сатып, қорға 800 млн теңге көлемінде залал келтірген борышкер компаниялардың меншік иесі мен оның сыбайластары ұсталды», — делінген мәлімдемеде.

Соттың санкциясымен олар қамауға алынып, мүлікке тыйым салынды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button