Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Павлодар облысында сегіз әкім экологиялық заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Павлодар облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген прокурорлық талдау нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Экологиялық кодекстің 13-бабының 4-тармағына сәйкес, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау барлық жеке және заңды тұлғалардың міндеті болып табылады.

Тексеру барысында Аққулы ауданы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың 20-дан астам полигоны анықталған.

Алайда олардың бірде-бірінде қоршаған ортаға эмиссияларға қажетті рұқсат құжаттары болмаған.

Сонымен қатар, полигондарда экологиялық-санитариялық талаптардың сақталмағаны белгілі болды.

Атап айтқанда, нормативтік-техникалық құжаттаманың жоқтығы, фильтрат пен ағын суларды бақылау жүйесінің ұйымдастырылмауы, сондай-ақ қоқыс газдарының шығарындыларын бақылау тетіктерінің болмауы анықталған.

Уәкілетті органдардың мәліметінше, аталған полигондар коммуналдық қалдықтарды бақылаусыз орналастыру салдарынан өздігінен пайда болған.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптардың тиісті деңгейде сақталмағаны да атап өтілді.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша сегіз ауылдық округтің әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оларға жалпы сомасы 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button