OpenWeather порталының деректеріне сәйкес, 8 сәуір күні Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы әртүрлі болады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты жариялады.
Алматы қаласында күн ашық, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +20°C-қа дейін көтеріліп, түнде +11°C-қа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы шамамен 5 м/с болады.
Астана қаласында күн бұлтты болады. Күндіз температура +14°C-қа дейін жетсе, түнде +8°C-қа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7 м/с.
Шымкент қаласында өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +15°C, түнде +10°C шамасында болады. Жел жылдамдығы – 5,2 м/с.

