Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Биыл Қазақстанда әскери шерулер өте ме

Биыл Қазақстанда 7 және 9 мамыр мерекелеріне арналған әскери шерулер өтпейді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Оның орнына әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған.

Атап айтқанда, батылдық сабақтары, үздік әскери қызметшілер мен ардагерлерді марапаттау, экологиялық акциялар, әскери оркестрлердің шеруі және шығармашылық топтардың өнері.

Сондай-ақ техника мен қару-жарақ көрмесі, «сарбаз ботқасы» акциясы және ашық есік күндері өтеді.

Қазақстанда шеру тек мерейтойлық даталарда өткізіледі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button