Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қостанайда субсидияны «схемаға» айналдырғандар сотталды

Қостанайда мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемденген ірі қылмыстық схемаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Істі Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті тергеген.

Тергеу дерегінше, «Beef Export Group» ЖШС басшысы бастаған топ ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар тұлғалармен келісіп, субсидия алу үшін жалған құжаттар жасаған.

Қағаз жүзінде ірі қара мал сатып алынып, өңделгендей көрсетілгенімен, шын мәнінде мұндай операциялар болмаған.

Осы тәсіл арқылы олар мемлекеттен жүйелі түрде қаржы алып отырған.

Ақша жалған жеткізілім ретінде рәсімделіп, кейін қолма-қолға айналдырылып, өзара байланысты компаниялардың шоттарына қайта жіберілген.

Нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын 3 млрд теңгеден асып кеткен.

Тергеу барысында күдіктілердің бір бөлігі 107 млн теңгеден астам қаражатты қайтарған.

Сот шешімімен негізгі ұйымдастырушы 14 жылға сотталды.

Ал топтың тағы 14 мүшесі 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық мүлік тәркіленді. Оның ішінде ірі көлемдегі ақша да бар.

Сарапшылар мұндай жағдайлар ауыл шаруашылығына бөлінетін мемлекеттік қолдауға көлеңке түсіріп, адал кәсіпкерлердің жұмысына кері әсер ететінін айтады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button