Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Нұрбек Оралбай Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жегіне қатысты, деп хабарлайды Qandastar.kz KAZ.NUR.KZ порталына сілтеп.
Қазақстандық спортшы 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбек боксшысы Жасурбек Юлдошевпен алтын медаль үшін кездесті.
Жекпе-жек барысында Нұрбек Оралбай толық басымдық танытып, қарсыласын бірнеше раунд бойы қыспақта ұстады. Бірінші раундтың қорытындысы бойынша барлық төреші жеңісті қазақстандық боксшыға берді (5:0). Екінші раундта да Оралбай өз үстемдігін сақтап, кездесуді сенімді түрде аяқтады. Нәтижесінде ол төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осы жеңіс Қазақстан ерлер құрамасы үшін Азия чемпионатындағы үшінші алтын медаль болды. Бұған дейін Оразбек Асылқұлов пен Сабыржан Аққалықов та чемпион атанған еді.
Айта кетейік, 25 жастағы Нұрбек Оралбай — 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Сонымен қатар, бүгін оның егіз бауыры Айбек Оралбай да 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының финалында өнер көрсетеді.



