Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері сотталғандардан алған парасын құмар ойынға жұмсаған

Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ойынға тәуелділігі бар күдікті пара алу фактісі бойынша сотталды.

«Прокурорлар сотталғандардың жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы оң шешім шығару және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларына қайшы ұялы телефондарды алып өту үшін лауазымды тұлғаға заңсыз ақша аударғанын анықтады», — делінген мәлімдемеде.

Заңсыз алынған қаражатты ол букмекерлік кеңселердегі бәс тігуге жұмсаған.

Сот оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру, сондай-ақ әділет капитаны арнайы атағынан айыру жазасын тағайындады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button