Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», — делінген Ақорда хабарламасында.

Жаңа әкім туралы не білеміз?

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист. Ал еңбек жолын 1994 жылы бастаған.

·        1995–1997 жылдары — Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары;.
·        1997–2003 жылдары — «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары;
·        2003–2006 жылдары  — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директоры;
·        2006–2008 жылдары- энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;
·        2008–2011 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, «PSA» ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ басқарма төрағасы;
·        2012–2014 жылдары —мұнай және газ вице-министрі.
·        2016 – 2017 жылдары — «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры;
·         2017-2019 жыдары —  энергетика вице-министрі;
·         2019-2021 жылады — «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры;
·         2022-2023 жылады — Қазақстан Республикасының энергетика министрі;
·         2023-2025 жылдары — Президенттің кеңесшісі;
Ал 2025 жылдың ақпан айында қайтадан KAZENERGY қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button