
Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», — делінген Ақорда хабарламасында.
Жаңа әкім туралы не білеміз?
Есет Берікұлы 1986 жылы Қарағанды облысында туылған.
Әртүрлі жылдары Қазақстан президенті әкімшілігі хатшылығының сарапшысы, Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.



