
Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», — делінген Ақорда хабарламасында.
Жаңа әкім туралы не білеміз?
Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.
1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист. Ал еңбек жолын 1994 жылы бастаған.
· 1995–1997 жылдары — Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары;.
· 1997–2003 жылдары — «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары;
· 2003–2006 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директоры;
· 2006–2008 жылдары- энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;
· 2008–2011 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, «PSA» ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ басқарма төрағасы;
· 2012–2014 жылдары —мұнай және газ вице-министрі.
· 2016 – 2017 жылдары — «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры;
· 2017-2019 жыдары — энергетика вице-министрі;
· 2019-2021 жылады — «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры;
· 2022-2023 жылады — Қазақстан Республикасының энергетика министрі;
· 2023-2025 жылдары — Президенттің кеңесшісі;
Ал 2025 жылдың ақпан айында қайтадан KAZENERGY қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды.



