Оқиға Көктұма ауылындағы Алакөл жағалауында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, кері қозғалып келе жатқан паром әйелді қағып кеткен, дейді Qandastar.kz.
Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен әйел ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оның көптеген дене жарақатын алғанын, көп қан жоғалтқанын және жарақаттық шокқа түскенін анықтаған.
Науқастың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер шұғыл консилиум өткізіп, жедел ота жасауға шешім қабылдаған. Операция барысында әйелдің екі аяғы сан тұсынан ампутацияланған.
Аталған оқиғаға байланысты Жетісу облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция су көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтап, жағалау аумағында ерекше сақ болуға шақырды.



