ЖаңалықтарСпорт

Әлем чемпионатының финалында Испания мен Аргентина чемпиондық үшін таласады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Испания мен Аргентина құрамалары кездеседі. Чемпион анықталатын шешуші матч АҚШ-тағы «Метлайф» стадионында өтеді, ал кездесуді қазақстандық жанкүйерлер тікелей эфирден көре алады.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеңімпазы анықталатын күн жақындады. Ақтық сында Испания мен Аргентина құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Әлем чемпионатының финалдық ойыны АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы «Метлайф» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-де басталады.

Футбол жанкүйерлері финалды Qazsport және Qazaqstan телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады.

Аргентина құрамасы турнирге қазіргі әлем чемпионы ретінде қатысып отыр. Команда бұған дейін әлем біріншілігінде үш мәрте жеңіске жеткен.

Ал Испания құрамасы өз тарихында бір рет, 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен әлем чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алған.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесін Англия құрамасы иеленді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде ағылшындар Францияны 6:4 есебімен жеңді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button