Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қостанайда дәрігерді ұрамын деп қорқытқан зейнеткерге 90 мың теңгеден астам айыппұл салынды

Қостанайда медицина қызметкерін балағаттап, күш қолданамын деп қорқытқан зейнеткер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Облыстық соттың мәліметінше, оқиға 16 шілде күні «Биос» медициналық мекемесінде болған. 70-тен асқан ер адам дәрігерге құрметсіздік танытып, былапыт сөздер айтып, дене күшін қолданатынын айтып қорқытқан.

Аталған факті бойынша оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 80-1-бабының 2-бөлігімен іс қозғалды.

Сот айыпталушының жасы егде екенін және бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын ескеріп, 30 АЕК көлемінде айыппұл тағайындады. Заңға сәйкес айыппұл 30 пайызға қысқартылып, нәтижесінде зейнеткер 90 825 теңге төлеуге міндеттелді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button