Украина президенті Владимир Зеленский американдық журналист Лора Лумерге берген сұхбатында Ресей Федерациясымен бейбіт келісімге Ақ үйде немесе Мар-а-Лагода қол қоюға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Сұхбат журналистің Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарық көрді. Журналист Украина басшысына Мәскеумен арадағы бейбіт келісімге Ақ үйдің Сопақша кабинетінде қол қою идеясына қалай қарайтынын сұраған.
«Иә, мен мұндай қадамға дайынмын. Президент Дональд Трампқа кез келген уақытта АҚШ-қа, Овал кабинетіне немесе Мар-а-Лаго резиденциясына келуге дайын екенімді үнемі айтып келемін. Мұның бәрі тікелей президент Трамптың шешіміне байланысты», – деп жауап берді Зеленский.
Дегенмен Украина президенті бейбіт келіссөздерге қатысты басты мәселе құжатқа қай жерде қол қойылатынында емес, бұл оқиғаның қашан жүзеге асатынында екенін ерекше атап өтті.



