Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге символдық мәні бар сыйлық тарту етті. Қазақстан президенті оған қазақтың көрнекті ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов пен орыс жазушысы Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйға тартты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Президенттің айтуынша, картина екі халықтың ортақ тарихи-мәдени байланысын және Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский арасындағы достықты бейнелейді. Бұл туынды Қазақстан мен Ресей халықтарының мәдени және рухани жақындығының символы ретінде ұсынылды.
Белгілі болғандай, Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский XIX ғасырда жақын қарым-қатынаста болып, өзара хат алысып тұрған. Олардың достығы ғылым мен әдебиет тарихындағы маңызды байланыстардың бірі саналады.



