Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Криптовалютамен заңсыз 1,9 млрд теңге тапқан қостанайлыққа үкім шықты

Қостанай облысында криптовалютамен заңсыз айналысып, 1,9 млрд теңге табыс тапқан 28 жастағы тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, ол 2020-2024 жылдар аралығында ешқандай рұқсатсыз Binance платформасының P2P сервисі арқылы цифрлық активтерді сатып алу-сату қызметін ұйымдастырған. Қаржылық операцияларды жүргізу үшін өзінің ғана емес, туыстары мен басқа адамдардың банк шоттарын пайдаланған.

Сот үкімімен ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның мүлкі тәркіленіп, 7 жыл бойы цифрлық активтер айналымы мен майнингке қатысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ сот мемлекет пайдасына заңсыз табылған 1,9 млрд теңгеден астам қаржыны өндіріп, 13,4 млн теңге, екі жеңіл автокөлік және 7,9 мың АҚШ долларын тәркілеу туралы шешім шығарды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button