Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрттен төрт адам құтқарылды

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шыққан өрт кезінде құтқарушылар төрт тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде таңертең пәтерден өрт шығып, төрт тұрғын құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап Qandastar.kz хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Сарыарқа ауданындағы Ш. Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінде болған. Өрт үшінші қабаттағы пәтерден шығып, 20 шаршы метр аумаққа таралған. Жалын үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды шарпыған.

Өртті сөндіру жұмыстары кезінде құтқарушылар көрші пәтерлерден төрт адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Құтқару барысында арнайы құтқару маскалары пайдаланылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт толықтай сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button