
«Сарыөзек – Көктал» автожолының 110-шақырымында екі Chevrolet Cobalt көлігі соқтығысып, адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан.
Апат салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Құзырлы орган қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жүргізушілерді жол ережесін сақтауға, жылдамдықты асырмауға және жолдағы қауіпсіздік талаптарын ескеруге шақырды.



