Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Динара Сәтжан мен Жұмабек Жанықұловтың бірге билеген видеосы желіде қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желілерде тележүргізуші Динара Сәтжан мен кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бірге билеген видеосы кеңінен тарап жатыр. Қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинаған бейнежазбаға желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде.

Әлеуметтік желілерде танымал тележүргізуші Динара Сәтжан мен кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бірге билеген видеосы кеңінен тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, дейді Qandastar.kz.

TikTok желісіндегі @inju_marjan_show парақшасында жарияланған бейнежазбада екеуінің салтанатты кештердің бірінде көңілді би билеп жүрген сәті көрсетілген. Видео авторы жазбаға: «Жұмабек ғашық болатындай қылықты ғой Динара» деген сипаттама қалдырған.

Бейнежазба жарияланғаннан кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Оқырмандардың бір бөлігі Динара Сәтжанның би мәнері мен образын жоғары бағаласа, енді бірі қос кейіпкердің жарасымдылығы туралы өз ойларын ортаға салған.

Қысқа уақыт ішінде видео мыңдаған қаралым жинап, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатқан жазбалардың біріне айналды.

Айта кетейік, видео кейіпкерлері жарияланымға қатысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button