ЖаңалықтарШоу бизнес

«Кезінде әпкесі Иван болған ғой»: Айнұр Тұрсынбаева тойдағы видеосымен жұртты күлдірді

Айтыскер ақын әрі блогер Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі оқырмандарына кезекті қызықты видеосын ұсынды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл жолы көпшіліктің назарына оның тойда еркін билеп жүрген сіңлісі ілікті.

Кадрларда жас қыз көпшілікке қарамастан, әуен ырғағына еркін билеп, көңіл көтеріп жүргенін көруге болады.

Сіңлісінің қылығын әзілге айналдырған Айнұр Тұрсынбаева видеоға өзіндік қалжыңын қоса кеткен.

«Әр иман қыздың бір Иван сіңлісі бар» деп жазды блогер.

 

Жазба көп ұзамай желі қолданушыларының көңілінен шыққан. Көпшілік видеодан өздеріне таныс жағдайды көріп, әзілге қосылған.

«Бәрімізде сондай бір сіңлі бар», «Өз-өзін ұстап отыратын әпкесінің жанында бір еркін жүретін сіңлі міндетті түрде болады», «Көңіл көтеріп жүргені қандай жақсы» деген сарындағы пікірлер қалдырғандар бар.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button