Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ақтауда төрт баланың анасына жасалған шабуыл елді дүр сілкіндірді

Ақтауда әйелге жасалған шабуылға қатысты күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Оқиға 14 шілде күні таңғы сағат 04:00 мен 06:00 аралығында қаланың 14-шағынауданындағы жағалауда болған.

Әлеуметтік желіде жәбірленушінің туыстары оқиғаны көрген немесе бейнежазбаға түсіріп алған куәгерлерден көмек сұрап, үндеу жариялады. Олардың айтуынша, кез келген видео тергеу үшін маңызды дәлел болуы мүмкін.

Жәбірленушінің әпкесі әйелге ажырасу үстіндегі күйеуі шабуыл жасағанын мәлімдеді. Айтуынша, ерлі-зайыптының төрт баласы бар, ал күдікті бұған дейін де әйеліне, балаларына және жақындарына бірнеше рет қорқыту айтқан.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала тергеу барысында оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болғаны анықталған. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алған.

Қазір күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button