Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыда №111 автобус бағыты уақытша өзгертілді

Алматыда Станиславский көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарына байланысты 16 шілдеден бастап №111 автобус маршрутының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілді. Өзгеріс жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін сақталады.

Алматыда 2026 жылғы 16 шілдеден бастап №111 автобус маршрутының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілді. Бұл шешім Станиславский көшесінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарына байланысты қабылданды. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.

«Алматы көлік холдингі» мәліметінше, жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін аталған көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Осыған байланысты №111 маршруттың жүру бағыты өзгертілді.

Солтүстік бағытта автобус Станиславский көшесінен Болтырік Шешен, Жангелдин, Сидоркин, Гастелло және Баянауыл көшелері арқылы қатынайды. Сонымен қатар, маршруттың соңғы аялдамасы уақытша «Баянауыл көшесі» аялдамасына ауыстырылды.

Кері бағытта автобус қозғалысы «Баянауыл көшесі» соңғы аялдамасынан басталып, Жангелдин, Болтырік Шешен және Станиславский көшелері арқылы бұрынғы бағытына қосылады.

Еске салайық, 15 шілдеден бастап Алматыда тағы 15 автобус маршрутының қозғалыс бағыты өзгерген болатын. Бұған Бекешев көшесінде Батыс кәріз коллекторын салу жобасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары себеп болған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button