Матч 18 шілде күні Майами қаласындағы Hard Rock Stadium стадионында өтіп, Франция құрамасы Англиядан 6:4 есебімен жеңілді. Англия құрамасы үшінші орынды яғни қола медальін иеленді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Ағылшын құрамасының капитаны Деклан Райс небәрі 3-ші минутта есеп ашты. Екінші голды Эзри Конса 18-ші минутта соқса келесі екі голды дубль атанған шабуылшы Букайо Сака (37, 45+1) соқты.
Екінші таймда француздар 3 гол салып есеп айырмасын қысқартты. Шабуылшы Киллиян Мбаппе дубль атанды (48, 66), келесі үшінші голды вингер Брэдли Барколя (54) соқты.
Кейін 85-ші минутта Сака пенальтиді сәтті орындап, есепті 5:3-ке жеткізді. Францияның шабуылшысы Усман Дембеленің (90+6) минуттағы голы есеп айырмасын тағы да қысқартты. Бірақ матчтың нүктесін Джуд Белингем (90+8) қойды.
Осылайша Англия құрамасы 1966 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатында жүлде жеңіп алды. Букайо Сака матчта 3 голмен хет-рик жасады.
Француздар 12 жыл ішінде алғаш рет жүлдесіз қайтты. Бұған дейін 2018 жылы алтын, 2022 жылы күміс иеленген болатын.



