Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Атырау облысында бірнеше полиция басшысы қызметінен кетті

Ішкі істер министрлігі өңірде жоспарлы қызметтік тексеріс жүргізді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ведомство мәліметінше, министрлік тарапынан аумақтық бөліністердің қызметіне жоспарлы қызметтік тексерулер тұрақты түрде жүргізіледі.

«Қызметтік-әскери тәртіптің өрескел бұзылуы, тиісті бақылау мен жұмыс ұйымдастырудың жеткіліксіздігі анықталуына байланысты, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ Атырау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары атқарып отырған лауазымдарынан шеттетілді», — делінген мәлімдемеде.

Министрлік мәліметінше, ведомствода заңдылық пен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету бағытында, соның ішінде өз қатарында да мақсатты жұмыс жүргізіліп келеді және жүргізіле береді.

Бұл жұмыс жүйелі әрі дәйекті сипатқа ие.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button