Әлеумет және қоғамЖаңалықтарСпорт

Дәл болжам – дара жеңіс: «Trionda» добының алғашқы иегері анықталды

Англия мен Аргентина құрамалары арасындағы драмаға толы матчтың есебі мен шешуші голын мүлтіксіз болжаған оқырман бағалы сыйлықты қанжығасына байлады. Жеңімпаздың есімі белгілі болды, ал алда жанкүйерлерді бұдан да ауқымды конкурстар күтіп тұр.

Футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионаты аясындағы Англия және Аргентина құрамалары арасындағы тартысты кездесуге байланысты ұйымдастырылған конкурстың жеңімпазы белгілі болды, дейді Qandastar.kz.

Ойын нәтижесі мен шешуші голдың авторын мінсіз тапқан оқырман — Алим Бегжанов. Ол өз болжамында кездесудің 1:2 есебімен Аргентинаның пайдасына аяқталатынын және соңғы голды Лаутаро Мартинес соғатынын дәл көрсеткен.

Осылайша, Әлем чемпионатының ресми «Trionda» добы өз иесін тапты. Конкурс жеңімпазын шын жүректен құттықтаймыз!

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, бұл тек бастамасы ғана. Алдағы тартысты матчтар кезінде де жанкүйерлер үшін дәл осындай бағалы сыйлықтар мен «Trionda» добын ұтып алу мүмкіндіктері жалғаса бермек. Жаңалықтар мен кезекті байқауларды жіберіп алмаңыздар!

Ұқсас Мақалалар

Back to top button