Әлеумет және қоғамБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Ералы Тоғжанов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар дипломатиялық тағайындаулар жасады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Тоғжанов Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Бұл қызметте ол бұған дейін елші болған Бейбіт Атамқұловтың орнын басты.

Ералы Тоғжанов әр жылдары Маңғыстау облысының әкімі, Премьер-министрдің орынбасары және Ақтөбе облысының әкімі қызметтерін атқарған. 2024 жылдың мамыр айынан бері Премьер-министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеп келген.

Сонымен қатар Президенттің жарлығымен Амангелді Саинов Қазақстанның Румыниядағы елшісі болып тағайындалса, Әлібек Бақаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне кірісті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button