Жаңалықтар
Интернет тәуелділіктің алдын алуға байланысты іс-шаралар өтті
Алматы қаласы Жастар саясаты Басқармасының тапсырысымен Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің мәжіліс залында «Ана тілі» газетінің журналисі, көп жылдық тәжірибесі бар тілші Ақбота Мұсабекпен кездесу өтті. Кездесу «Интернетке тәуелділік және құмар ойындары» тақырыбында өрбіді. Ақбота ханым студенттерге лудоманияның адам өміріне тигізер зардабы мен қиындықтарын тілге тиек етіп, құмар ойындары мен интернетке тәуелділік дертіне шалдыққан ер азаматтардан болашақ өмірде қалай аулақ жүру керектігін де түсіндірді. Кездесу соңында Ақбота ханымға қыздар тарапынан сұрақтар қойылып, көңіл көншітерлік жауаптар алынды.