Әлеумет және қоғамБасты жаңалықтарЖаңалықтар

ҚТЖ-ның жаңа төрағасы белгілі болды

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Елжас Отыншиев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жаңа басшы Мәскеу физика-техникалық институтында «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде бастаған. Кейін «Самұрық-Қазына» қорында және оның еншілес ұйымдарында түрлі басшылық қызметтерді атқарды.

2021–2023 жылдары KIDF ұйымында инвестициялық портфельді басқару бағытын басқарса, 2023 жылдың сәуірінен бері «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болды. Бұл қызметте мұнай-газ, теміржол, тау-кен және өзге де ірі активтерді басқаруға жауап берді.

2024 жылдың ақпанынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарған.

Айта кетейік, Елжас Отыншиев 2023 жылы ел экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button