Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Таудағы қауіпті серуен: Алматыда екі жасөспірім адасып кетті

Алматыдағы Көкжайлау шатқалында тауға шыққан екі жасөспірім қараңғы түскен соң туристік соқпақтан адасып, кері қайта алмай қалған.

Оқиғаға байланысты құтқарушылар шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Құтқарушылар 2008 және 2010 жылы туған жасөспірімдерді қысқа уақыт ішінде тауып, оларды аман-есен Экопостқа жеткізді.

Абырой болғанда, олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған. Құтқару операциясы сәтті аяқталғаннан кейін жасөспірімдер үйлеріне өз бетімен қайтқан.

Мамандар тауға шығатын тұрғындарға бағытты алдын ала жоспарлап, ауа райын бақылауды, қараңғы түспей кері қайтуды және жақындарына қайда баратынын міндетті түрде ескертуді тағы бір мәрте еске салды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button