Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыдағы түнгі жанжал: пышақ жарақатынан кейін алты күдікті ұсталды

Алматының Ақсай шағынауданында түн ортасында болған жанжал бір адамның пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға туралы «102» арнасына көшеде пышақ ұстаған бір топ жас жүргені жөнінде хабарлама түскен.

Хабарлама түскеннен кейін бірнеше минут ішінде оқиға орнына жеткен «Буран-308» экипажы алты күдіктіні ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жанжалға қатысы болуы мүмкін. Кейбірінің киімінен қанға ұқсас іздер табылып, тергеуге қажет болуы ықтимал заттар тәркіленді.

Зардап шеккен жас жігітке пышақ жарақаты салынғаны анықталды.

Ұсталғандардың барлығы Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Қазір полицейлер жанжалдың неден шыққанын, оған кімдердің қатысқанын және пышақ жарақатын нақты кім салғанын анықтап жатыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button