Жаңалықтар

Алматы базарларында сатушыларға күш көрсетіп, ақша бопсалаған қылмыстық топ құрықталды

Фото: ашық дереккөз
Алматы облысыҰйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қызметкерлері Алматы базарларында рэкетпен айналысқан жігіттерді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, 27 мамырда Алматы облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне Алматы қаласы мен облыстың базарларында қылмыстық топтың кәсіпкерлерден «патронаждық» үшін ақша бопсалағаны туралы ақпарат түскен.

Полицияға Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны хабарласып, 13 мамырда Қарасай ауданында бір топ адам дене күшін қолданып, жалпы сомасы 3,5 миллион теңгесін алып кеткенін хабарлаған.

«25 шілдеде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, облыстық прокуратураның келісуімен 31 және 36 жас аралығындағы ер адамдарды анықтап, ұстады», – делінген хабарламада.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close