Жаңалықтар

Танымал жұлдыздар балалар үйіне барып, жақсылық жасады

Фото: видеодан скрин

Белгілі әнші және танымал блогерлер әдемі челенджді бастап кетті, деп хабарлады Qandastar.kz. Әнші Дастан Оразбеков Алматыдағы бір мектеп оқушыларынан «Жақсылық жаса» челенджін қабыл алып, Республика күні қарсаңында көшеде кездескен кез келген нәзікжандыларға гүл ұсынды.

«Жақсылық жасау үшін ақшаның көп болуы, табыстың мол болуы міндетті емес. Бастысы ниет, бастысы жүрек! Сіз де #ЖақсылықЖаса хэштегін қойып, челенджді жалғастыра аласыз. Қарбалас тіршілікте бір мезет тоқтап, айналаңызға жақсылық нұрын себіңіз», – деп жазды әнші.

Осылайша өнер жұлдызы эстафетаны әріптесі Ғаділбек Жанайға ұсынды. Артынша Ғаділбек Жанай белгілі кәсіпкер, әрі блогер Алмасбек Батыров пен қызылордалық кәсіпкер Әділет Байнашев үшеуі Алматыдағы балалар үйіне барды.

«Кәсіпкер Алмасбек Батыров жуырда ғана ұлдарының сүндет тойын дүркіретіп тұрып жасаған болатын. Артынша шүкір шайы ретінде сүндет тойын осы балалар үйінде жалғастыруды ниет еткен», – деді әнші Ғаділбек Жанай.

Кәсіпкер жақсылық жасауға Калифарния, «Меховая 8/1» тобынан Жандос Самалбеков пен Қабдол Тілеков, «NNN» лақап атымен танымал блогер Нұрдәулет болып, балаларға көңіл-күй сыйлап қайтқан.

«Сәбидің бәрі бақытты болу үшін жаралған. Балапандарды қуантып, қолдап кеткен бауырларыма рахмет» – деп жазды кәсіпкер.

Кеш барысында кәсіпкер балалар үйінің аруларына 101 гүл таратты.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close