Жаңалықтар

108 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды

Фото: ашық дереккөз

108 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды, деп жазады qandastar.kz.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар медициналық және психоактивті препараттарды сақтау шарттарын бұзған. Мұны ведомство 1 мыңнан астам ұйымды тексеру кезінде анықтаған.

«3 мың тонна синтетикалық есірткілерді өндіруге қолданатын қос мақсаттағы тауарларға шектеу қойылды. Сақтау тәртібін бұзғаны үшін 44 мыңнан астам таблетка мен 14 мың ампула психобелсенді препараттардың айналымы шектелді. Есірткі құралдарымен жұмыс істеу саласында 5 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close