Жаңалықтар

«Қазақ тілінің болашағы балабақшада жатыр»: Белгілі актер маңызды мәселе көтерді

Фото: elana.kz

Қазір кімнің немен айналысып жүргенін білмейтін болдық қой.

Белгілі театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда ұлттық идеологияға қатысты пікір білдіріп, балабақшадағы тәрбие, тіл мәселелерін сынға алды, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

“Көктемде, жазда таң атпастан балаларды орыс тілінде жаттығу жасатып жатқан дауыстары естіліп жатады. Тәрбиешілерінің бәрі орысша сөйлейді. “Раз, два, ноги. Раз, два, руки”. Где руки? Давайте, веселые руки!” деп айқайлап жатады. Барсаң, бәрі қазақтың кіп-кішкентай балалары”, – дейді актер.

Актер сондай-ақ осындай мәселелерді қолға алып, кезінде тіл жанашырлары жап-жақсы бастамаларымен шыққанын, алайда Үкімет тарапынан қолдау болмағандықтан, аяқсыз қалғанына да алаңдаушылық білдірді.

“Көрдіңіз бе, ұлттық идеология деп отырғаным осы. Осылардың бәрі қадағалануы керек. Бұған заң органдары кірісуі керек шығар. Қазір кімнің немен айналысып жүргенін білмейтін болдық қой. Көшеде біреу таяқ жеп жатса кімге хабарласып, кімді шақыратынымызды да білмей қалдық. Сондай заман болды. Бұдан да өтерміз енді. Тезірек өтсек екен. Әрине, қазір де бар күресіп жүргендер. Бірақ олар да бір күні таяқ жейді. Қашанғы елмен алыса береді дейсіз. Сондықтан тіл мәселесін түзеуді балабақшадан бастауымыз керек. Тілді үйретіп қана қоймай, сол тілдің түпкі негізі қайда жатыр, оның мәдениеті мен әдебиеті қайдан басталады, соны біліп өсуі керек”, – дейді Дулыға Ақмолда.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close