Жаңалықтар
Экс-министрдің ұлы «ҚазМұнайГаздың» басшылығына тағайындалды
Фото: t.me/kmgpress
Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильиннің ұлы Игорь Ильин «KMG PetroChem» ЖШС басқармасының басшылығына тағайындалды, деп жазды qandastar.kz
“Игорь Ильин «KMG PetroChem» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) басқарма төрағасы болып тағайындалды. Жаңа басшыны компания ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулғафаров таныстырды”, – деп жазды “ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ.
Бұған дейін Игорь Ильин «KarabatanUtility Solutions» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарған. Сондай-ақ ол «ОАЭК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақ мұнай және газ институты» ЖШС ғылыми-зерттеу орталығында басшылық қызметтерде болды.
Игорь Ильин 2012 жылы тағылымдамадан кейін еңбек жолын Worley Parsons компаниясында бастаған. Қазақ-Британ техникалық университетін «Автоматизация және басқару» мамандығы бойынша тәмамдады.