Жаңалықтар
«Комада жатқан қызға тиесілі»: Көріпкел Айгүл Ақтауда ұшақ құлаған жерден сырға тауып алды
Фото: видеодан кадр
Осыған дейін әлеуметтік желіде қазақ көріпкелі Айгүл Бердіғалиева Ақтау маңында болған ұшақ апатының орнынан әшекей бұйым, сырғаны тауып алғанын айтқан еді, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Көріпкел Айгүл Бердіғалиева Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған жерден тапқан сырға кімге тиесілі екені белгілі болды.
Әзербайжанның 1news.az ақпарат агенттігі Айгүл Бердіғалиеваға хабарласып, сырғаның иесі болуы мүмкін адамды іздеп тапқанын жеткізген, зергерлік бұйым қазіргі уақытта Бакуде комада жатқан Халаева Хафисат Гусейн қызына тиесілі болып шықты.
Х. Халаеваның жолдасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұрын жоғалған бұйымдардың бір бөлігін тапсырғанын айтты. Алайда ол жұбайының сырғасы табылғанын білмеген.
Сондай-ақ, жәбірленушінің жұбайы редакцияға толық жиынтықтың суретін ұсынды. Осылайша, қазақстандық көріпкел Баку ауруханасында жатқан науқастың сырғасын тауып берді. Хафисат Халаева ұшақ апатынан кейін комада жатқан. Жақын күндері ол есін жиыпты.
Айта кетейік, Халаева авар ұлтынан, Әзербайжанның Балакен ауданында тұрады.