Жаңалықтар

Экология министрінің эксперименті қазақстандықтарды таңғалдырды

Фото: министрлік
Желі қолданушылары экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың 17 градустық түнгі аяздан кейін 5 минут ішінде көлік қыздырған экспериментіне қатысты жаппай пікір білдіруде, деп хабарлайды qandastar.kz

2025 жылғы 21 қаңтарда Ерлан Нысанбаев қыс мезгілінде автокөлікті 5 минуттан артық қыздырғанға салынатын айыппұлға оң көзқарасын білдіріп, сөзін іспен дәлелдеуге дайын екенін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ол сол күні көлігін сыртта қалдырған, ал 22 қаңтарда таңертең оның темір тұлпары 5 минуттың ішінде қызған.

Экология Министрлігінің Instagram парақшасында жариялаған эксперимент қызу талқыға түсті. Енді оған қазақстандықтар бұл экспериментті қайталауды, тек бұл жолы ескі машинада және куәгер қосуды ұмытпауды ұсынды.

  • Министр мырза бұл видеомен өтірік қойылым жасаған. Себебі, машинаның терезесінде қар немесе мұз жоқ.
  • Ауа температурасы 20 градустың айналасында машинаның терезесі толығымен жабылып, мұз немесе қырау қатып тұрады. Әсіресе 21 ақпанда қарлы боран тұрғанын ескерсек. Терезедегі қар қайда кеткен? Әлде жылы гараждан жаңа ғана шыққан машина ма?
  • Бұндай сайқымазақ қойылым жасау ұят емес пе?
  • Жұрттың бәрі министр ұқсап жаңа көлік міне бермейді
  • Халықты ақымақ қылуды қою керек қой
  • Қырау да жоқ қой…
  • Енді ескі көлікпен істеп көріңізші
  • Жақсы қойылым
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close