Жаңалықтар

Қосшыда балалар мінген автобус апатқа ұшырады

Фото: Ақмола ПД

Қосшы қаласында жол-көлік апаты болып, балалар мінген шағын автобус аялдамаға соғылды, деп хабарлайды qandastar.kz

Жол апаты бүгін таңда болған. Жеті бала ауруханаға жеткізілді.

«2025 жылы 9 сәуір күні таңғы сағат 07:00-де Қосшы қаласының полиция бөліміне «Лесная поляна» тұрғын үй алқабындағы №2 үйдің қасында жол-көлік апаты болғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде полиция қызметкерлері жетті. «Ивеко» маркалы автобус пен «Тойота» маркалы шағын автобус соғылған. Одан кейін «Тойота» автобусы аялдамаға соғылған. Шағын автобуста 10 бала болған. Жүргізуші оларды балабақшаға әкеле жатқан. Жеті бала Астана қалалық ауруханасына жеткізілді», — деді Полиция департаменті.

Қазір жол-көлік апатының мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін қажетті шаралар қабылданады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close