Жаңалықтар
Өскеменде ауадан хлордың шамадан тыс мөлшері анықталып, тексеріс басталды

Фото: Өскемен әкімдігі
2025 жылы 19 мамырда экология департаментінің мамандары әлеуметтік желіде Согра ықшам ауданының өнеркәсіптік аймағы қатты түтіндегені туралы ақпараттың тарауына байланысты «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ға іргелес жатқан аумаққа барды, деп хабарлайды qandastar.kz
Zakon.kz жазғандай, Оның барысында атмосфералық ауаға арнайы аспаппен өлшеу жүргізілді. Алдын ала деректерге сәйкес хлор бойынша көрсеткіш шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) асып кету жағдайы тіркелді.
Өскемен қаласының әкімдігі хабарлағандай, жағдай облыс басшылығының бақылауында. Қазіргі уақытта халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық бейінді және шұғыл қызметтер жоғары дайындық режиміне келтірілді.