Жаңалықтар

3 мыңнан астам қарағандылық Қазақстан әнұранын орындады

Қарағандыдағы ту тұғыры алдындағы алаңда қала тұрғындары бүкіл елмен бірге Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Мерекеге кадеттер, студенттер, еріктілер, ардагерлер, қоғам өкілдері мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Үш мыңнан астам адам ел әнұранын орындады. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мерекеге қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

– Бүгінде Қазақстанның рәмізі бүкіл әлемде танымал, бұл өз елімізге деген мақтаныш сезімін тудырады, патриоттық сезімді тәрбиелейді. Әрбір азамат өз елінің патриоты ретінде мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауы тиіс. Біздің міндетіміз – жастарды отансүйгіштік сезімі мен біздің елімізге деген мақтаныш сезіміне, оның бай тарихы мен ұлы тұлғаларына тәрбиелеу, – деді облыс басшысы.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close