Жаңалықтар
Балаларға энергетикалық сусын сатқандарға айыппұл салынады

Ресейде балаларға энергетикалық сусын сатқаны үшін айыппұл енгізілді. Енді мұндай бұзушылық үшін үш миллион теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Тиісті заңға ел президенті Владимир Путин қол қойды
Сондай-ақ көлемі 500 миллилитрден асатын банкаларды сатуға тыйым салынды. Бұл шаралар кәмелетке толмағандардың денсаулығын сақтауға бағытталған. Жергілікті биліктің айтуынша, энергетикалық сусындарды ішу жүрек-қан тамырлары ауруларына және артық салмаққа әкеп соқтырады.
Елде балаларға сергітетін сусындарды сатуға тыйым салу наурыз айынан бастап күшіне енгенімен, жазалау шаралары енді ғана күшіне енді.