Жаңалықтар

«Алысқа барудың қажеті жоқ. Жақындарым да сондай»: Еркебұлан Тоқтар көре алмаушылық туралы ойын ашық айтты

Фото: Ашық дереккөзден

Актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар жанкүйерлеріне көре алмаушылық жайында үндеу жолдады деп хабарлайды Qandastar.kz  ақпарат порталы. Тіпті жақындарының арасында көре алмайтындары бар екенін ашық айтты.

«Өзбектің жанкүйерлері өз спортшыларын қатты қолдайды. Біздікілер қатты көтеріліп бара жатсаң «Мынау көтеріліп кетті» дейді. Алысқа барудың қажеті жоқ, жақындарым да сондай. Өзім естіп жүрмін. Көтеріліп бара жатсаң, бір жері тырысып қалады екен. Сондайды қою керек, достар. Одан да жарысу керек. Қасындағы біреу көтерілсе, сонымен жарысып, сен де көтерілуің керек», – дейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close