
Астанада үш баланың өмірін жалмаған өрт болған «Көркем» тұрғын үй кешенінде тағы да алаңдатарлық оқиға болды.
18 жастағы жігіт көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан секіруге әрекет жасап, жұртты алаңдатты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға кезінде ол кезінде үш баланың өмірін қиған қайғылы өртпен есте қалған «Көркем-3» тұрғын үй кешенінің төбесіне шыққан.
Абырой болғанда, төтенше жағдай қызметкерлері мен мамандар дер кезінде жетіп, жас жігітпен келіссөз жүргізді.
Ұзақ әңгімеден кейін оны қауіпті қадамнан бас тартуға көндіріп, төмен түсірді.
Психологиялық қолдау орталығының өкілі Яков Борисовтың айтуынша, жігіт алғашында шатырдан өз еркімен түсуге ниет білдірмеген.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол сүйіктісімен жанжалдасқаннан кейін осындай әрекетке барған.
Қазір оның жағдайы бақылауда, тиісті мамандар психологиялық көмек көрсетіп жатыр.



