Жаңалықтар

Қызылордада үйде есірткі өсірілген

Қызылордалық полицейлер биыл 8 айда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жүргізу нәтижесінде 210 құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оның басым бөлігі есірткіні өсіру, өткізу және жарнамалауға бағытталған.

Облыстық полиция департаменті мәлімдегендей, заңсыз айналымнан 1 тонна 315 келі есірткі алынды.

— Аймақта есірткінің басқа түрлеріне қарағанда марихуана көбірек өтімді болып тұр. Сондай-ақ синтетикалық есірткі заңсыз айналымға енгелі героинді айналымнан ығыстырды. Оның интернет және әлеуметтік желілер арқылы таралуы ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға кері әсерін тигізіп отыр, — деді департаменттің басқарма бастығы Біржан Бағысов.

Сондай-ақ үй жағдайында сора өсірген 5 фитозертхана анықталды. Маусым айында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тасымалдаған Қызылорда және Маңғыстау облыстарының тұрғындары құрықталды.

— Жедел профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде есірткіні жарнамалайтын граффити суреттер азайды. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1050 сайт енгізіліп, бұғатталды. Профилактикалық іс-шаралар өткізуге жергілікті бюджеттен 17 млн теңге бөлінді, — деді Бағысов.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close