Мәдениет

Ерке Есмахан бала күтушілеріне қымбат сыйлық жасады

Фото: ашық дереккөз

Әнші Ерке Есмахан екі ұлының күтушілеріне тосынсый жасап, оларды ерекше қуантты. Бұл туралы qandastar.kz сайты жазды. Өнер иесі Instagram парақшасында өзі жасаған сыйлық туралы айтып, көмекшілеріне қалай көңіл бөлгенін бөліскен.

«Бүгін Исламоктың бала күтушісінің туған күні. Гүл мен сыйлық алып, екі күтушіге бірдей көңіл бөлдік. Батырдың күтушісіне де гүл мен сыйлық алдық. Екеуіне жаңа Iphone 16 сыйладық, екеуі де қатты қуанып, көздерінен жас шықты. Алғаш рет Iphone ұстап тұр. Олар – ақкөңіл, адал, қанағатшыл адамдар, мен оларды қатты жақсы көремін», – деп жазды Ерке.

Әншінің жомарттығына желі қолданушылары ерекше ықылас танытып, пікірлерін жазған. «Ерке сыйласа, демек өте жақсы күтушілер екен», «Егер ақшам көп болса, мен де бала күтушісін жалдар едім», «Ерке мен Райм – өте керемет жандар», «Жомарт және жүрегі кең адам», «Өскенде Еркенің баласын бағар едім» деген сияқты пікірлер пайда болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button