Алматыдағы «Каспий» тұрғын үй кешенінде орын алған жағдай тұрғындардың ашу-ызасын тудырды. Оқиға әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін белгілі болды, деп жазады qandastar.kz.
Инстаграмдағы kazakhinform парақшасы таратқан видеоға сәйкес, балалар арасында туындаған жанжалдан кейін белгісіз ер адам ойын алаңына жақындап, бір баланы қатты теуіп жіберген. Оқиғадан соң ол ештеңе болмағандай кері бұрылып, үйіне кіріп кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде алаңда болған ересектердің ешқайсысы жағдайға араласпаған.



