Жаңалықтар

Есірткі қолданатынын ашық айтқан шымкенттік блогер қамалды

Әлеуметтік желіде 077Diva лақап атымен танылған блогер тікелей эфирдегі сөзі үшін 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды  Qandastar.kz ақпарат порталы Ertenmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тікелей эфирде есірткі затын «көңіл-күй көтеру үшін» қолданатынын ашық айтқан блогердің видеосына Шымкент полициясының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы назар аударған.

Тәртіп сақшылары оның кім екенін анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізген. Медициналық сараптама нәтижесінде блогердің каннабиноид тұтынғаны дәлелденді.

Бұл іс бойынша материалдар Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-1 бабы бойынша іс қозғалды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button